«Наполи» «Челси» ойыншысын жалға алды

06.10.2020, 06:01
Бакайоко бұған дейін де Дженнаро Гаттузомен бірге жұмыс істеген.
«Наполи» «Челси» ойыншысын жалға алды

"Наполи" өзінің ресми сайтында "Челсидің" жартылай қорғаушысы Тьемуэ Бакайоконы алғаны туралы хабарлады. Клуб ойыншыны 2021 жылдың жазына дейін жалға алған.

Өткен маусымда Бакайоко «Монако» командасында жалда ойнады. Жартылай қорғаушы Франция чемпионатының 20 матчына қатысты (барлығы - негізгі құрамда), бір голдың авторы атанды, екі голдық пас берді, сондай-ақ төрт сары және бір қызыл қағаз алды.

Бакайоко 2017 жылдың жазында «Монакодан» «Челсиға» ауысқан болатын, трансфер сомасы 40 миллион еуроны құрады. 26 жастағы жартылай қорғаушының ағылшын клубымен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған. Ол Франция құрамасында бір матч өткізген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×