Биыл жасындай жарқылдап ТОП клубтардың назарына іліккен
Жоао Фелиш алдағы маусымды
Ла Лигада жалғастырады.
![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2019/07/260327558_177334-480x270.jpg)
Бүгін Мадридтің
"Атлетико" командасы 19 жастағы шабуылшыны сатып алғанын, 7 жылдық еңбек шартына қол қойғанын мəлімдеді. Жоао Фелиш үшін Мадридтің клубы "
Бенфиканың" келісім-шартында көрсетілген
126 млн. еуро төлейді. Алдымен 30 млн-ды бір артынан 96 млн. аударады. Яғни, бұл "Атлетико" тарихындағы ең қымбат трансфер. Клуб басшылығы футболшыны "Нағыз талант - Жоао Фелиш, қош келдің!" -деген видеороликпен əлеуметтік желілерде таныстыруды бастап та кетті.
Енді 19 жастағы шабуылшы Испан клубында жылына 6 млн. еуро жалықы алады. Тағы бір айта кететін жайт, жалпы трансфердің 30% -ын футболшының агенті Жорже Мендеш алады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.