"Челси" Н'Голо Кантеге маусымның қалған бөлігінде ойнамауға өз рұқсатын берді. Басты себеп, ойыншының коронавирустық пандемияға байланысты өз денсаулығына алаңдаушылық танытуы болып отыр.
2018 жылғы Әлем чемпионаты басталмас бұрын, Кантенің үлкен ағасы инфаркттан қайтыс болған. Ал Н'Голо жақында басталған жаттығулардың бірінде есінен танып қалған. «Челси» футбол клубы мен Фрэнк Лэмпард ойыншыға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Кантеге өзі оралғысы келмейінше, командадан алшақ жүруіне рұқсат етілді.
"The Sun" ақпараттық басылымы Африка мен Азиядан шыққан көптеген футболшылардың жаттығуға келуге құлықсыз екенін айтады. Ұлттық статистика бюросы қара нәсілді еркектер мен әйелдердің COVID-19-дан ақ нәсілді адамға қарағанда екі есе көп өлетіндігін айтады.
Біздің серіктес: FONBET