"Daily Record" порталының мәліметінше, "Кристал Пэластың" 21 жастағы қорғаушысы
Аарон Ван-Биссак санаулы күнде
"Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанады. Қазіргі уақытта МЮ мен ойыншы екі жақты келісімге келіп қойған. "Қызыл сойқандар" оң қапталдағы қорғаушы үшін "Кристал Пэласқа" 55 млн. фунт, яғни 62 млн. еуро санап береді. Айт кетейік, бұл сомма АПЛ-дағы қпаталдағы қорғаушылар арасындағы
рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін аталған нәтиже "Монакодан"
"Манчестер Сити" сапына қосылған
Бенжамена Мендиге тиесілі-тін. Оның трансферлік құны - 57,5 млн. евро болған.
Биссак өткен маусымда 39 ойында алаңға шығып, 4 нәтижелі пас бергені бар. Негізі "Кристал Пэласпен" қорғаушы арасындағы келісім-шарт 2022 жылға дейін жарамды еді.
"МЮ" өткен жылы Биссакты сатып алу үшін бірнеше рет ұсыныс жасаған да болатын. Алайда, Лондон клубы рұқсат бермеген-ді.
Айта кетейік, Аарон Англияның U-21 жастағы құрамасынан босаған бетте, яғни осы аптаның соңында Манчестерде медициналық тексеруден өтпек.
Шамкен БАЙЫРБЕК.