"МЮ" басшылығы Роналдуды алғысы келгенде, Моуриньо қарсы болыпты

02.09.2018, 21:04
"МЮ" басшылығы Роналдуды алғысы келгенде, Моуриньо қарсы болыпты
"Манчестер Юнайтедтің" вице-президенті Эд Вудворд Криштиану Роналдуды сатып алғысы келген. Daily Mail-дың хабарлауынша, клуб басшылығы Жозе Моуриньомен португалдық жұлдыздың ағылшындық клуб қатарына қайта оралуын талқылаған. Алайда, бас бапкер шабуыл шебін емес, қорғанысты күшейтуді басымдық беруді ұсынған. Осылай, Моуриньо мен Вудвордтың келіспеушілігінен "МЮ" Роналдуды қайтару үшін таласқа түспей қалған көрінеді. Нәтижесінде, клубтың қорғаныс шебіне де ойыншылар алынбады, Роналдуды қатарға қосу да жүзеге асырылмай қалды.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×