"Монако" Головин бойынша ресми ұсыныс жасады

16.07.2018, 19:56
"Монако" Головин бойынша ресми ұсыныс жасады
"Монако" ЦСКА-ға Александр Головиннің трансфері бойынша ұсыныс жасады. Ресейлік "РИА Новостидің" хабарлауынша, "Монако" Головинді өз құрамына қосуға кәдімгідей қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, Ресей құрамасының жас ойыншысы бойынша мәскеулік армияшыларға лондондық "Челси" де ресми ұсыныс жасалғаны хабарланды. Осы аптада Головиннің алдағы уақытта қайда өнер көрсететіні анық болатын сыңайлы.

Бұған дейін жас ойыншыға "Арсенал", "Барселона" және "Ювентус" қызығушылық танытып отырғандығы туралы ақпараттар жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×