![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/08/жорже-480x270.jpg)
"Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналдудың агенті Жорже Мендеш өткен еуромаусымның үздік ойыншысы деп Лука Модрич танылғанына қарсылық білдірді.
Португалдық жұлдыз марапатты табыстау рәсіміне мүлде келмеген екен.
- Футболды жасыл алаңда ойнайды. Роналду дәл сол алаңда жеңімпаз болды. Ол 15 гол соғып, "Реалды" Чемпиондар Лигасындағы кезекті жеңісіне әкелді. Бұл күлкінішті, тіпті, ұят нәрсе. Жеңімпаз туралы ешқандай күмән болмауы тиіс. Роналду - ең үздік, - дегенін Record жеткізді.