"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы
Рияд Марез өзі жалдаған бұрынғы бала күтушісі
Каталин Мирафлореспен соттасып, ұтылып қалды. Бұл туралы "
The Sun" басылымы хабарлайды. Ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, Рияд жəне оның жұбайы Рита өздерінің 4 баласына қараған тəрбиешісінің айлығынан 2018 жылы əр түрлі сылтаумен
4 мың еуро ұстап қалған. Өз кезегінде бұған наразы болған Каталин ханым сотқа шағымданып, өз құқығын қорғап шықты. Енді алжирлік футболшы сот шешіміне сəйкес 4 мың еуроны қайтарады. Оған қоса өтемақы ретінде 167 еуро беруі тиіс.
Айта кетейік, Марез "Ман Ситиде" жылына
11.6 еуро жалақы алады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.