"Милан" мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Кәрім Бенземаның өкілдерімен кездесу өткізді.
Gianlucadimarzio.com сайтының хабарлауынша, ойыншының агенттері италиялық клубтың бас жаттықтырушысы Дженнаро Гаттузомен және "россонеридің" спорт директоры Массимилиано Мирабеллимен әңгімелесті.
«Милан» Бенземаға «3 + 1» схемасы бойынша тоғыз миллион еуро мөлшеріндегі жыл сайынғы жалақы туралы шартты ұсынуға дайын.