Михал Билек қалай ақталады?

19.08.2020, 17:23
Михал Билек қалай ақталады?

«Динамо Брест» - «Астана» арасындағы ойыннан кейін елордалық команданың бас бапкері Михал Билек кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Біз өте нашар нәтиже көрсеттік. Команда қорғаныс шебінде өте нашар ойнады. Әрбір қарымта шабуыл біздің қақпамызға қауіп төндіріп жатты. Дәл қазір қандай да бір пікір айту өте қиын. Біз жақсы нәтижеге үміттенген едік. Қарсылас жылдам ойын көрсетіп, допты жиі тартып алып жатты. Біз өте нашар ойын өткіздік.

- Сіз бірінші таймда бірден екі ойыншыны алмастырдыңыз. Одан кейін қандай да бір үміт пайда болды ма?

- Ол кезде есеп 3:0 еді, мен кездесу барысына өзгеріс енгізгім келді. Бұл ойыншылардың алаңға шығуымен команда жақсы ойнай бастады. Тіпті, барынша допқа иелік етіп, гол да соқты. Нәтижесінде, үш гол соғып, қақпамызға алты гол жіберіп алдық.

- Бүгін сіздің команда құрамында екі беларусь ойыншысы алаңға шықты. Олардың ойынына қандай баға бересіз?

- Мен ол туралы айтудың ретін көріп тұрған жоқпын. Бүгін команда түгелімен өте нашар ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×