Михал Билек: «Исламхан мен Зайнутдинов алаңда бірге ойнағанда, біздің шабуылымыз жақсарады»

12.10.2020, 19:07
Беларусь Литва құрамасымен тең ойнап, Қазақстан өз тобында көш бастап тұр.
Михал Билек: «Исламхан мен Зайнутдинов алаңда бірге ойнағанда, біздің шабуылымыз жақсарады»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар Лигасының 3-турындағы Албанияға қарсы (0:0) матч туралы пікір білдірді,

- Бізде қорғаныста көптеген қиындықтар болды: Вороговский, Әліп ойнай алмады, Сергей Малыйда сары қағаздар тым көп болды, ойын кезінде Марочкин жарақат алды. Бұл ретте Ерланов, Керімжанов және Бейсебеков жақсы матч өткізді деп айта аламын. Албанияның жақсы команда екенін білдік, көптеген ойыншылары шетелде ойнайды. Олар бүгін жақсы көрінді және гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Біз гол жібермедік, және осы үшін риза бола аламыз. Бірақ өзіміз қалағандай мүмкіндіктер жасай алған жоқпыз. Енді үш күн ішінде Беларуссиямен болатын келесі матчқа дайындаламыз. Біз алдыңғы матчпен салыстырғанда жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді.

- Бүгін Сүйімбаев екінші сары қағаз алды, осыған байланысты ол Беларуссиямен болатын ойынды жіберіп алады. Сіз Дмитрий Шомконы шақыру туралы ойладыңыз ба?

- Бізде орталық қорғаныста ойнайтын ойыншылар бар. Сергей Малый да, Марочкин де қорғаныста кез-келген позицияда ойнай алады. Бапкерлер құрамымен ұлттық құрамаға кімді шақыратынымызды талқылаймыз.

- Шомко немесе сол қапталда ойнай алатын Зайнутдинов бар кезде, Марочкинді немесе Малыйды Сүйімбаевтың позициясына қою өте қауіпті емес пе?

- Ол позицияда Досмағамбетов ойнай алады - бұл оның үнемі ойнайтын позициясы. Абзал Бейсебеков те "Астана" сапында дәл осы қапталда ойнайды. Мен айтқанымдай, біз бұл мәселені жаттықтырушылар құрамымен талқылаймыз.

- Исламханға қатысты жағдай қалай болып жатыр?

- Бүгін мен Бауыржанмен сөйлестім. Ертең жаттығу болады, оның жағдайын қарастырамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз.

- Бүгін Владислав Васильевке неге мүмкіндік бермедіңіз? Ол Беларуссиямен болатын ойында мүмкіндік ала ма, не дегенмен ол осы елде ойнауға дағдыланған ойыншы емес пе?

- Біздің құрамада 23 ойыншы бар. Барлық футболшылар ойнауға дайын. Ол біздің оқу-жаттығу жиынына бірінші рет келіп отыр, оған уақыт керек. Ол жақсы ойыншы, біз оны көп уақыт бойы бақыладық. Беларуссиямен матчқа шыға ма, шықпай ма, алда көре жатармыз.

- Нұралы Әліп коронавирустың салдарынан қатардан шығып қалды. Ол вирусты ұлттық құрамаға келер алдында жұқтырды ма немесе ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында ма?

- Ол ұлттық құрамаға келгенде тестілеуден өтті, содан кейін дәрігер одан вирустың белгілерін анықтады. Оның инфекцияны қашан жұқтырғаны туралы нақты айта алмаймын.

- Бүгінгі ойында біз бір ұпайға қол жеткіздік пе, әлде екі ұпай жоғалттық па?

- Біз өз алаңымызда ойнадық және жеңіске жеткіміз келді, әсіресе Беларуссиямен болған ойыннан кейін. Біз жақсы нәтиже көрсеткіміз келді, бірақ ойлағанымыздай болмады. Менің ойымша, бір ұпай да жақсы, өйткені екінші таймда қарсыластар гол соғу үшін көптеген мүмкіндіктер жасады. Жігіттер тырысты және жұмыс істеді. Сонымен қатар, мен олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын, себебі олар тырысты. Енді біз Беларуссиямен болатын ойынға дайындаламыз.

- Біздің команда өз алаңында қорғаныс арқылы көп ойнайды деген пікір бар. Шабуыл жасау туралы ойладыңыз ба?

- Біз тек қорғаныста ойнағымыз келмейді. Литва қақпасына екі гол және Беларусь қақпасына бір гол соқтық. Біз алда ойнағымыз келеді. Алаңда Исламхан мен Зайнутдинов бірге ойнағанда, біздің шабуылымыз әлдеқайда мықты көрінеді. Бірақ, өкінішке орай, олардың тек біреуі ғана ойнайды. Екі ойыншы да сау болған кезде біздің шабуыл шебіміз жақсы көрінеді.

- Соңғы екі ойында біздің қақпашы мен қорғаныстағы ойыншылар күлкілі қателіктер жіберді. Өткен ойында осындай қателіктің салдарынан гол жіберіп алдық. Бұл кездесуде Темірлан Ерланов соңғы сәтте допты бос қақпадан алып шықты. Қателіктердің себебі неде?

- Бұл кездесу біздің қорғанысымыз үшін өте қиын болды. Мұндай комбинациямен олар бірінші рет ойнады. Қателіктер болды, қарсыластың гол соғатын мүмкіндігі де болды. Бірақ мен қорғаныстағы ойынға көңілім толмады деп айта алмаймын.

- Яғни, қатарынан екі матчтағы бірдей қателіктер - жай кездейсоқтық па?

- Беларуссиямен матчта Сүйімбаев допты ойынға қосар сәтте қарсыластың ойыншысын көрген жоқ. Бұл футбол, осындай қателіктер болып тұрады. Қателерді түзету үшін біз бұл матчты тағы қараймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×