«Мидтьюлланд» - «Астана» кездесуінің бас төрешісі тағайындалды

31.07.2018, 03:25
«Мидтьюлланд» - «Астана» кездесуінің бас төрешісі тағайындалды
Испандық төреші Хуан Мартинес Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Мидтьюлланд» пен «Астана» арасындағы матчта басшылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Мартинесті көмекшісі болып Диего Барберо Севилья мен Сесар Новаль, төртінші төреші - Марио Мелеро Лопес тағайындалды. Кездесу 1 тамызда Астана уақытымен 23: 00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесуде Григорчуктің командасы 2: 1 есебімен жеңген болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×