Месут Озилдің дәурені өтті ме?

Озил мына түрімен «Арсеналдағы» қоштасу матчын да ойнай алмайын деп тұр.
Месут Озилдің дәурені өтті ме?

Месут Озил осы маусымда Еуропа лигасына қатыспайды. "Арсенал" жартылай қорғаушыны турнирге шақыртылған құрамына қоспады.

Озилдің өзі, тіпті "Арсенал" жанкүйерлері де мұндай жағдай болады деп ойламаған еді. Соңғы рет Месут алаңға 2020 жылдың наурызында шыққан. Осылайша, Озил үздік футболшыдан ешкімге керек емес ойыншыға айналды.

Естеріңізде болса, бір-екі жыл бұрын Озил "Арсеналдың" басты жұлдызы болып саналған еді. Алдымен оны сатып алуға жұмсалған 47 миллион еуро өзін-өзі толық ақтады. Жыл сайын Озил кем дегенде 20 нәтижелі әрекет жасап жүрді. Тек тізесінен алған жарақаты (2014/2015 маусымда 32 матч, 5 гол, 9 пас) мансабына кері әсерін тигізді.

2018 жылы күрделі жағдай орын алды. Мұның бір себебі Алексис Санчестің "Манчестер Юнайтедке" кетуі болды. Озил мен Санчес алаңда да, алаңнан тыс жерде де бір-бірін керемет түсінетін еді. "Арсеналдағы" ең жақын досым кім деген сұраққа Санчес былай деп жауап берді: "Месут шығар. Мен онымен бір командада ойнағанды ​​ұнатамын, біздің қарым-қатынасымыз жақсы".

Екеуінің де келісімшарттары 2018 жылдың жазында аяқталды, ал достар клубпен келісімшартты ұзартқысы келді. Олар жалақыны көтеруді талап етті. Осыдан соң чилилік ойыншы аптасына 450 000 фунт жалақы төленетін "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Месут "Арсеналда" қалып, жаңа келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес Озил аптасына 400 мың фунт стерлинг алатын болды.

Сонымен қатар, бапкердің ауысуы Озилге қатты соққы болып тиді. Арсен Венгер неміс ойыншысына шексіз еркіндік берді: ол қорғанысқа қайта оралмай, алаңның бүкіл ені бойынша әрекет етті. "Әрине, Озил қорғаныстағы ойынын жақсарту үшін жаттығу жасау керек, бірақ оның мықты жақтары доппен жұмыс істегенде көрінеді», - деді француз маманы. Венгер Озилдің қорғаныстағы кемшіліктеріне көз жұма қарағанымен, Унаи Эмери басқаша ойлады.

Испаниялық бапкер ПСЖ-дан кетіп бара жатып, сұхбат берді, онда ол ойын құру принциптерін баяндады. Атап айтқанда, Унаи екі схеманы ұнататынын атап өтті: 4-3-3 және 4-1-4-1. Олардың ешқайсысында Озилге таныс "ондықтың" рөлі жоқ. Эмери сонымен қатар қысымға ерекше назар аударды. "Допты жоғалтқан кезде оны тезірек алу керек", - деді Унаи. Кем дегенде, осы екі өлшем - схема мен қысым бойынша Озил Эмеридің талаптарына сәйкес келмеді.

Унай "Арсеналда" әртүрлі тактиканы сынап көрді, бірақ көбінесе ол 4-2-3-1 жүйесін қолданды. Онда Озил өзінің сүйікті позициясында ойнады, бірақ әрдайым сәтті бола бермеді. 2019 жылдың қазан айында Эмери Месуттың негізгі құрамнан орын алуға лайық емес екенін баса айтты. Озил өз кезегінде отқа май құйды. Мәселен, "Челсиге" қарсы Еуропа лигасының финалы кезінде (2018/2019 маусым) ол Эмериге айқайлап: "Сен жаттықтырушы емессің!" деп айтқан болатын.

"Озил - өте жақсы ойыншы, бірақ премьер-лигадағы физикалық талаптар жоғары. Мен оны үздік футболшы деп айта алмаймын", - деді Эмери Лондондық клубтан кеткен соң. 2020 жылдың мамырында Эмери Daily Mail басылымына берген сұхбатында 2019/2020 маусымға команда капитанын таңдап жатқанда "Арсенал" ойыншылары Озилдің капитан болуына қарсы болғанын мойындады. Оған Месуттың «клубқа деген адалдығының төмендігі» себеп болды.

Озил өткен маусымның соңын беліндегі жарақатына байланысты өткізіп алды және осы маусымда да алаңға шықпады. Соңғы кездесуін 2020 жылы наурызда өткізді: "Вест Хэмге" қарсы (1:0) матчта Озил нәтижелі пас берді. "Мен Месутты бәрінен бұрын оңтайлы формада көргім келеді", - деді "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета 2020 жылдың маусым айында берген сұхбатында. Бірақ әзірге оның босқа үміттенгенін байқауға болады.

Жазда Озил "Фенербахчеге" ауысудың аз-ақ алдында тұрды, бірақ түрік клубымен жалақы туралы келісімге келе алмады. Bild-тің хабарлауынша, Озил енді "Арсеналмен" келісімшарттың аяқталуын ғана күтіп отыр - ол еркін агент ретінде ең қолайлы ұсынысты таңдайтын болады. Әрине, «Зеңбірекшілердің» жанкүйерлері де осыны күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.968
Ничья
4.015
П2
3.72
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.086
Ничья
13.9
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×