Месси келісімді ұзартпайды

05.05.2020, 14:17
Леоны ұстап тұру оңай емес.
Месси келісімді ұзартпайды

«Барселона» қазіргі үзілісті пайдаланып, негізгі құрамның бірнеше футболшысымен келісім-шартты созуды көздейді. Каталония клубы алдымен шабуылшы Лионель Мессидің көңілін табуды қалайды. Аргентиналық футболшының келісім-шарты 2021-ші жылы жазда аяқталады. «Барселона» мәселені биыл шешіп тастауға ыңғай танытып отыр. Бірақ тараптар келісім жөнінде кездескен жоқ. Шабуылшы Луис Суарестің де келісім-шарты 2021-ші жылы бітеді. Уругвай футболшысы биылғы маусымдағы матчтардың кем дегенде 60 процентіне қатысса, тағы бір жыл Каталонияда қалуға мүмкіндік алады. «Барселона» қорғаушы Нелсон Семедуге жаңадан үш жылдық келісім-шарт ұсынып отыр. Ал, Иван Ракитич пен Артуро Видаль басқа командаға ауысуы мүмкін.    

Қанат Базылхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×