Месси Чемпиондар лигасындағы сегізінші хет-тригіне көрімдік сұрады

19.09.2018, 17:01
Месси Чемпиондар лигасындағы сегізінші хет-тригіне көрімдік сұрады
УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында «Барселона» өз алаңында ПСВ-ны қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. «Камп-Ноуда» команда капитаны Лионель Месси хет-трик жасады. 31 жастағы аргентиналық футболшы сөйтіп, Чемпиондар лигасындағы хет-триктерінің санын сегізге жеткізді. Әзірге бір ойында үш гол соғу жағынан Месси озып тұр. Сондай-ақ Месси 14 маусым қатарынан гол соққан үшінші футболшы атанып отыр. Әзірге көшбасында Райан Гиггз (16) тұр. Екінші орында Рауль (15) бар. https://youtu.be/5TYNiz3WIaM
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×