Мбаппе ПСЖ клубына жаңа келісім-шартқа байланысты өз талабын қойды

09.03.2021, 20:24
Килиан қаржылық жағдай бойынша Неймардан қалғысы келмейді.
Мбаппе ПСЖ клубына жаңа келісім-шартқа байланысты өз талабын қойды

22 жастағы Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ПСЖ клубының басшылығына жаңа келісім-шартқа қатысты өзінің талаптарын қойды, деп хабарлайды AS басылымы.

Осылайша, жарияланған ақпаратқа сәйкес, Мбаппе Неймар мен ПСЖ арасындағы келісімге сәйкес келетін, жылдық жалақысы 35 миллион еуродан кем емес келісім-шарт талап етті. Париждіктердің бұл шарттарды орындауы екіталай және Мбаппені келесі жазда сатуы мүмкін. Сондай-ақ ПСЖ шабуылшыны сату арқылы кем дегенде 200 миллион еуро алғысы келеді.

Футболшыға басты үміткерлер - «Барселона» мен «Реал Мадрид», олар Килианның трансферлік құнын 150 миллион еуроға дейін төмендетуге тырысады. Өз кезегінде «Манчестер Сити» клубтағы жалақы құрылымын бұзғысы келмей, Мбаппе үшін болатын жарысқа қатысудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×