Мауро Икарди. Мінезді мерген

18.09.2018, 21:03
Мауро Икарди. Мінезді мерген
Мауро Эмануэль Икарио Риверо (19 ақпан 1993 жылы Розарио қаласында дүниеге келген ) – Италиадан  шыққан, аргентиналық футболшы, «Интернационал» клубының шабуылшысы және Аргентина құрамасының белді ойыншысы. Мауро Эмануэль 6 жасынан бастап испанияның Канар архипелагының үшінші аралындағы футбол  құрамында ойнап, 2001-жылы жергілікті жастар құрамасы үшін ойын көрсеткен. Ең қызығы ол 7 жыл ішінде 500-ден астам гол соққан. Талантты шабуылшыға қызығушылықты "Валенсия", "Реал" Мадрид, "Эспаньол", "Ливерпуль", "Севилья", "Арсенал" және "Барселона" командалары танытқан. 2008 жылдың 9-маусымында Қатардан "Икария" клубының 17 жасқа дейінгі командасында ойын көрсеткен. 19 жасында қайтадан өзінің ескі командасына оралды. Сол қарқынмен ("Барселонадағы" екі маусым бойы үздік бомбардир және чемпион атанды). 2010 жылдың 11-қаңтарында Икарди италияндық «Сампдория» командасына ауысты. Жаңа клубтың жаңа құрамында алты ай өткізген Мауро 19 гол соғып үздік бомбардир атанды . 2012 жылдың 12-мамырында “Ювентус” командасына қарсы өткен матчта алғашқы голын соқты. 2012 жылдың жазында "Сампдория" жас шабуылшыға құқықтарын сатып алуға мүмкіндігін пайдаланып 400 мың еуроға сатып алды. 2013 жылдың 16-қазанында 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Аргентина Уругвайға қарсы ойын өткізді. Сол матчта ол дебют жасады. 2016 жылдың соңында Месси мен Марадона Мауроның  Макси Лопеспен арасында болған кикілжінге байланысты қарсы пікірлерін білдірді. Сол себепті Мауро Рессейде өткен Әлем чемпионатына қатыса алмады. Аргентина құрамасына Мауро секілді ойыншы қажет. Бірақ мұны ешкім түсіне қойған жоқ… Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше Мауро Икарди «Интер» командасынан «Манчестер Юнайтед» командасына ауысуды жоспарлауда. Трансферттің әлеуетті соммасы 110 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл келісімшарт “нерадзурри” тарапынан іске асырылып жатыр. Дәл қазіргі сәтте  Мауро Икарди «Интер» командасының өкілдерімен бірігіп, өзінің мансабын жоғарлату барысындағы жаңа келіссөздерге назар аударуда.

                                                       Айгерім Серікқызы

   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×