Маттейс де Лигт - Мина Райоланың кесірінен "Барселона" ойыншысы болудан бас тартты

19.06.2019, 19:04
Маттейс де Лигт - Мина Райоланың кесірінен "Барселона" ойыншысы болудан бас тартты
Испанияның "Cadena SER" радиосының хабарлауынша, "Аякс" капитаны Матейс де Лигт "Барселона" сапына ауысудан бас тартқан. Себебі, қорғаушының агенті Мино Райола қаржылық жағынан тиімді ұсыныс жасап отырған "Ювентус", ПСЖ  мен "Бавария" клубтарының бірін таңдауға кеңес берген. Футболшының өзі де көбірек қаржы табудан кетәрі емес. Ал Каталон клубы голландиялық ойыншыға жоғары жалақы ұсынуды жөн деп таппапты. Өткен маусымда Маттейс Аякс үшін 55 ойын өткізіп, 7 гол салған. Негізі "Аякспен" арадағы келісім-шарт 2021 жылға дейін жарамды.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×