"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Еуропа Лигасының ширек финалында "Гранада" қақпасына гол соғып, "қызыл сойқандардың" ұлы футболшысы Бобби Чарльтонның жетістігін қайталады.
Рэшфорд еурокубоктің осы маусымында сегіз гол соқты. Opta статистикалық порталының мәліметіне сүйенсек, "Манчестер Юнайтедтегі" англиялық ойыншылардың ішінде соңғы рет Чарльтон еурокубок бәсекесінің бір маусымында (1964-1965) 8 гол соққан екен.
Squawka порталының хабарлауынша, Рэшфорд Чемпиондар Лигасының 2007-2008 жылғы маусымында 8 гол соққан Криштиану Роналдудың да рекордын қайталаған.
23 жастағы Рэшфорд осы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасында алты, Еуропа Лигасында екі гол соқты. Шабуылшы осы маусымда бас-аяғы 47 матч өткізіп, 20 голды өз еншісіне жазды.
Біздің серіктес: FONBET