Марин Аничич келесі маусымды Түркия чемпионатында өткізеді

08.07.2019, 06:05
Марин Аничич келесі маусымды Түркия чемпионатында өткізеді
Енді "Астана" сапынан қорғаушысы Марин Аничич те кетеді. Қазіргі ел чемпиондары "ЧФР"-мен болатын ойын алдында іске қауырт кірісіп кетті. sportsport.ba сайтының мəліметіне сүйенсек, 29 жастағы босниялық футболшы  "Астана" сапынан Түркияның "Коньяспорға" ауысады. Негізі Мариннің келісім-шарты 2019 жылдың соңына дейін жарамды болатын. Сондықтан, "Астана"  бұл трансферден өз үлесін алады. Transfermarkt.de бағалауынша, оның қазіргі құны 1.6 млн. еуро. Аничич Елорда клубына 2014 жылы ауысқан-ды. Сол уақыттан бері клуб үшін 197 ойын өткізіп, 11 гол мен 8 нəтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×