
"Жетісу" командасының капитаны Мантас Куклис "Жальгирис" сапына ауысты. Айта кетейік, Литва құрамасының ойыншысы 2012-2017 жылдары "Жальгирис" жейдесінде доп тепкен еді.
Ал Талдықорған ұжымы қатарында 2018 жылдан бері ойнады. Осы аралықта 55 матчқа қатысып, 7 гол салған және 6 нәтижелі пастың авторы атанған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET