"Daily Mail" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 35 турда сырт алаңда "Эвертоннан" 4-0 болып ұтылғаннан соң "МЮ" ойыншылары бір-бірімен ұрысып қалған. Өз кезегінде жеңілістен кейін эмоцияларына ерік берген футболшылар бір-бірін кінәлай бастағанын, журналистер де байқаған.
Одан бөлек, клуб басшылығының бас бапкер Оле-Гуннар Сульшердің соңғы кездегі нәтижелеріне көңілі толмайтын көрінеді.
Естеріңізге сал кетейік, 35 турдан кейін "қызыл сойқандар" турнир кестесінде 6 орында келеді. Сульшер бастаған командаға келесі мауымда Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік беретін 5 орынға жету үшін әлі 3 ұпай жетпейді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.