"Баварияның" жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантара АПЛ-на ауысуы мүмкін.
Soccer.ru басылымының еуропалық баспасөздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Бавария" бұл ойыншы бойынша ұсыныстарды қарастыруға дайын екен. "МЮ" ойыншыны сатып алу ниетімен неміс клубына ұсыныс жасапты.
Манкунияндықтар алаң ортасында ойынды ұйымдастыра алатын жартылай қорғаушы қарастырып жатыр екен. Алайда, 27 жасар ойыншыға "Челси" мен "Барселона" да қызығып отырған көрінеді.