"Манчестер Сити" бірнеше жыл бойы ұтымды трансферлер жасап, клуб менеджментінің жүйелі жұмыс істейтінін дəлелдеп келеді. Биыл да сол əдетінен жаңылмай футболмен қоштасқан капитан Венсан Компанидің орнын жоқтатпайтын қорғаушы тапқандай.
"The Times" басылымының хабарлауынша, "Сити" жақын күндері "Лестерден"
Гарри Магуайрды 73 млн-ға сатып алғалы жатыр.
Негізі "Лестер" қорғаушыны 90 млн. еуро деп бағалаған. Алайда, бұл сомманы төлеуге құлықты команда əлі табылған жоқ. Тіпті, "МЮ" 45 млн еуроға да қымбатсынғаны бар. Ал Хосеп Гвардиола Гарридің негізгі құрамнан ойып тұрып орын ала алатынына сенеді.
Естеріңізге сала кетейік, Магуайр өткен АПЛ маусымында 31 ойында алаңға шығып, 3 гол салған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.