"Манчестер Сити" "Барселона" қақпашысын жалға алуы мүмкін

22.08.2018, 04:00
"Манчестер Сити" "Барселона" қақпашысын жалға алуы мүмкін
"Манчестер Сити" Яспер Силлессенді жарақат алып қалған Клаудио Бравоның орнына алуы мүмкін. Mundo Deportivo-ның хабарлауынша, ағылшындық клуб "Барселона" қақпашысын осы трансферлік кезеңде жалға алады. "Манчестер Ситидің" қақпашысы Клаудио Браво кеше, 20 тамыз күні жаттығуда жарақат алып, маусымның соңына дейін қатардан шығып қалды. Сол себепті, манчестерлік клуб голландиялық қақпашыға қызығушылық танытып отыр. Яспер Силлессен "Барселонаның" қосалқы қақпашысы саналады. Өткен маусымда голландиялық қақпашы каталониялықтар сапында 11 кездесуде алаңға шығып, үш гол жіберген.      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×