
Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын ғана Микель Артета Лондонның «Арсенал» клубының бас бапкері болып тағайындалды.
Ағылшынның «Манчестер Ситиі» «Арсаналдан» Микель Артетамен арадағы еңбек келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзғаны және келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабардар етпегені үшін материалды өтемақы сұрап отыр.
«Ман Сити» Хосеп Гвардиола көмекшісінің келісім-шартын 2.5 млн доллор деп бағалап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Артета «Манчестер Ситиге» 2016 жылдың жазында Хосеп Гвардиоламен бірге келген еді. Осы аралықта ол 2 рет Ағылшын премьер-лигасында, Ағылшын Кубогында топ жаруға үлес қосты.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET