Максим Самородов. «Ахматтың» көшбасшы турдың үздік футболшысы атануы мүмкін

Бүгін, 15:31

«Чемпионат» порталы Ресей премьер-лигасының 20-турының ең үздік футболшысын таңдауда.

Максим Самородов. «Ахматтың» көшбасшы турдың үздік футболшысы атануы мүмкін
Максим Самородов

Ресейлік сайт  рейтингісіндегі 12 ойыншының арасында Максим Самородовқа да орын табылыпты. «Чемпионат» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының шеберлігіне ерекше тоқталып, грозныйлық клубтағы көшбасшылық рөлін тілге тиек еткен: 

«Грозныйлықтар сырт алаңдағы «Локомен» болатын матчтың алдында айқын көшбасшысы Садуллаевсыз қалған. Оның міндетін өзінің мойнына Самородов алып 1:1 есебімен тең нәтиже сыйлады. Максимнің еншісінде турдың ең сұрапыл голының бірі: Ненахов пен Монтесті қапы қалдырып, Лантратовқа қақпасын голдан аман алып қалатын мүмкіндік қалдырған жоқ. Бұған тағы бір мүлтіксіз сәт болған: өз жарты алаңында допты іліп әкетіп, дриблингпен алға ұмтылған эпизодын қосыңыз. Тек бұл сәтте Талал допты дәл көздей алмай, мүмкіндікті мүлт жіберіп алған еді. Қазақстандық жартылай қорғаушы 12 теке-тірестің жетеуінде жеңімпаз шығып, қақпа аңғарына екі соққы бағыттап Sofascore-дің 7, 6 деген рейтингісін алды». 

Естеріңізге салайық, РПЛ-дың 20-турында «Ахмат» сырт алаңда мәскеудің «Локомотивімен» кездесіп, тең тарқасқан (1:1) болатын. Матчың 16-минутында Алексей Батраков есеп ашса, 40-минутта Максим Самородов таразы басын теңестірген. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы матчтың 89-минутында өз орнын командаласына босатты. 

Қазақстандық футболшы грозныйлық клуб сапындағы 14 матчта 3 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, Самородов екі ассист берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×