Максим Самородов «Ахматтың» басты жұлдызына айналуда

08.03.2025, 09:55

Ресей премьер-лигасының 20-турында «Ахмат» сырт алаңда мәскеудің «Локомотивімен» кездесіп, тең тарқасты (1:1).

Максим Самородов «Ахматтың» басты жұлдызына айналуда
Максим Самородов

Матчың 16-минутында Алексей Батраков есеп ашса, 40-минутта Максим Самородов таразы басын теңестірді. Гол соғылған сәтте Максим жеке шеберлігін паш еткен болатын. 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы матчтың 89-минутында өз орнын командаласына босатқан.

Қазақстандық футболшы грозныйлық клуб сапындағы 14 матчта 3 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, Самородов екі ассист берген болатын. 

«Ахмат» жиырма турдан кейін 14-сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×