Магомед Адиев: «Ертеңгі ойынға басымызды тік көтеріп, үлкен сенімділікпен шығуымыз қажет»

03.06.2022, 02:33
Магомед Мұсаұлы ертеңгі ойынға дайындығы мен командадағы ойыншылардың жай-күйі жайлы сөз қозғады.
Магомед Адиев: «Ертеңгі ойынға басымызды тік көтеріп, үлкен сенімділікпен шығуымыз қажет»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев баспасөз мәслихатына қатысып, команданың Әзірбайжанмен өтетін ойынға дайындығы туралы айтты.

- Ертең біз лайықты қарсыласпен ойнағалы жатырмыз. Бірақ біз олардан кем емеспіз деп ойлаймын. Өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жеткіміз келеді. Дегенмен бізді қиын ойын күтіп тұр.

- Команда он күнде төрт ойын өткізуі тиіс. Ертең дебюттік ойыныңыз болғандықатн, кіл мықты ойыншыларды шығаратыныңыз белгілі. Ал қалған ойындарда қалай ротация жасайсыз?

- Біздің командада резерв жоқ. Менің ойыншыларды негізгі және қосалқы құрамда отыратын деп бөлуге құқығым жоқ. Командаға 24 ойыншы мен 3 қақпашыны шақырдым және олардың барлығы ертең негізгі құрамда кімдердің шығатынын күтіп жүр. 10 күнде 4 ойын, бұл сынақты еңсеру үшін біз күшімізді дұрыс пайдалануымыз қажет. Бұл үшін бапкерлердің қабылдайтын шешімі өте маңызды. Әрине, біз 6 маусымда болатын ойынды назарда ұстаймыз, өйткені ол матч сырт алаңда өтеді және уақыт белдеулері өзгереді, бұл командаға өз әсерін тигізбей қоймайды.

- Бұған дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған Станимир Стойлов сұхбаттарының бірінде біздің команданың ойыны тікелей қорғанысқа байланған деп айтты. Біз қашан шабуылда белсенді түрде ойнайтын командаға айналамыз?

- Шынымды айтсам, бұл мен үшін ыңғайсыз сұрақ. Сіз Станимир Стойлов жайлы айтып қалдыңыз. Кім ол, ұлттық құраманың бапкері ме? Жоқ, ол қазір өз клубын жаттықтырып жүр. Оны бапкер ретінде құрметтеймін. Бірақ мен ешқашан басқа команданың ойыны жайлы сөз қозғамаймын. Мен қазір ұлттық құрамаға жауапты маманмын және басқалардың командам туралы мұндай әңгіме айтқанын қаламаймын.

Енді сұрағыңызға жауап берейін. Қанша шабуыл жасап, 5:0 есебімен ұтылғаннан не пайда?! Одан да бірқалыпты ойнаған дұрыс. «Реал» мен «Ливерпульді» алайық. «Ливерпуль» шабуылға лап қоятын команда. Бірақ Чемпиондар лигасын мадридтік клуб жеңіп алды. «Шахтерді» жаттықтырған кезде мен әртүрлі ойын жүйесін пайдаландым. Кейде қорғаныста ойнадық, ал Қазақстан кубогінің финалында және тағы бірнеше матчта шабуылға иек арттық. Себебі команда мұндай футболға дайын болды. Сол сияқты ұлттық құрамадағы ойыншылар менің талаптарымды орындап, ойын философиямды түсіне білуі қажет. Сол кезде ғана шабуылда сенімді түрде өнер көрсететін боламыз. Бәрін өз уақытында істеген дұрыс.

- Игорь Шацкий қазір команданың негізгі қақпашысы болып табылады. Алдағы төрт ойынның бәрінде Шацкийге сенім артасыз ба әлде жас қақпашыларға мүмкіндік беріле ме?

- Біз бұл мәселені қақпашылардың бапкерімен талқылап қойдық. Егер Игорь өзіне сенімді болып тұрса, оны неге негізгі құрамда шығармасқа?! Егер оған қандай да бір үзіліс керек болса, Шайзада немес Сейсенге мүмкіндік береміз.

- Ұлттық құраманың көшбасшы ойыншылары алдағы матчтарға қатыса алмайды. Олардың орнына кімдерді шығарасыз?

- Зайнутдинов жоғары деңгейдегі ойыншы, оның жоқтығы біз үшін үлкен шығын болып табылады. Быстров, Мужиков, Жақсылықов секілді футболшылар да көп пайдасын тигізер еді, бірақ олар да ұлттық құрамаға келе алмады. Дегенмен ертеңгі ойынға басымызды жоғары көтеріп, үлкен сенімділікпен шығуымыз қажет. Мен командадағы ойыншылардың барлығына сенім артамын және оларды көшбасшы деп есептеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×