Магомед Адиев: Артем, ресейлік өлшеммен алғанда тәп-тәуір шабуылшы

Бүгін, 11:43

Магомед Адиев Артем Дзюба мен «Қайратқа» байланысты әңгімелерге ойын айтты.  Ресейлік маман "Спорт День за Днем" сайтына форвардтың бабы мен әлеуетіне байланысты пікірін білдірген еді.  

Магомед Адиев: Артем, ресейлік өлшеммен алғанда тәп-тәуір шабуылшы
Магомед Адиев

«Бұл жерде бәрі басшылар мен бапкерге байланысты. Егер клубтың бапкерлері еурокубоктерде пайдасы болады деп есептесе, солай шығар. Артем, ресейлік өлшеммен алғанда тәп-тәуір шабуылшы. Қазір «Акронда» мотивациясының барын дәлелдеп жүр. Сондықтан, бұл трансфер «Қайратты» кәдімгідей күшейтеді деп ойлаймын.

«Акрондағы» соңғы ойындарынан Артемнің бабында екенін көруге болады. Одан кейін «Қайраттың» егде тартқан футболшыларды алудан қорықпайтынын білеміз. Оның дәлелі - Тимощук пен Аршавин. Олар Қазақстан біріншілігінде табысты өнер көрсетті. Меніңше, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Артем шын көңілімен келсе, нәтиже береді деп есептеуге болады», - деген болатын ресейлік маман.

Айта кетейік, Артем Дзюба мансабында ресейлік "Локомотив", "Спартак", "Томь", "Ростов", "Зенит", "Арсенал" және түркиялық "Адана Демирспор" сапында өнер көрсеткен.

«Қайрат» былтыр ҚПЛ-ді ұтып, осы демалыста «Ақтөбемен» тартыста Қазақстан Суперкубогін еншіледі.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×