Маӊғыстаулық екі футболшы "Арсенал" ФК-на жолдама алды

25.07.2018, 18:27
Маӊғыстаулық екі футболшы "Арсенал" ФК-на жолдама алды
Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі мен "Арсенал" ФК-тары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат аясында "Каспий" футбол клубыныӊ 2 ойыншысы шет ел асатын болды. Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі мен Украинаныӊ "Арсенал-Киев" ФК арасында Маӊғыстау футболын дамыту үшін спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деп  Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметіне Kazakhstan Today басылымы хабарлады. Меморандум аясында өӊірдегі футболды дамыту, "Каспий" футбол клубы мен Украинаныӊ "Арсенал-Киев" арасындағы әріптестікті күшейту, сонымен қатар, маӊғыстаулық таланты жас футболшылардыӊ шеберлігін шыӊдау үшін шетелдік клубтарға жолдама беру және инфрақұрылымды дамыту көзделген. Маӊғыстау тұрғындарына тосын сый болған тағы бір жаӊалық аталмыш меморандум шеӊберінде "Каспий" футбол клубыныӊ 2 ойыншысы - Мырзабек Алтынбек (2000 жылы туған, Маӊғыстау политехникалық колледжініӊ студенті) пен Нұрғазиев Жанболат (2000 жылы туған, "Келешек" колледжініӊ студенті) "Арсенал-Киев" ФК-мен келісім-шарт негізінде іріктеуден өтіп, жолдама алып отыр. "Қазіргі алға қойған басты мақсатымыз "Каспий" футбол клубыныӊ республикалық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, аталмыш клубымыздыӊ бірінші лигада үздік өнер көрсетіп, алдыӊғы қатарда көрінуіне ықпал етуді көздеп отырмыз. Жұмысымыз нәтижелі болу үшін бапкерлік құрамды таӊдауды басты назарға алуымыз керек. Облысымыздағы футболды жүйелі түрде дамыту мақсатында әртүрлі жастағы командаларды дайындауды бір жолға қоюымыз қажет. Сол үшін бүгін біз шетелдік мамандарды атап айтсам, "Арсенал-Киев" футбол клубыныӊ президенті хорватиялық Ивица Пирич пен "Арсенал-Киев" футбол клубыныӊ спорт директоры, сербиялық Владимир Рибичті өӊірімізге арнайы шақырттық," - деді Ералы Тоғжанов. Меморандум аясында екі жақты келісімге келіп, алда атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Нақтырақ айтсақ, футболшыларды арнайы бағдарламамен оқытып дайындау, футболды бұқаралық сипатта дамыту және маркетинг саласы бойынша бірлесе жұмыс жасауды қолға алу керектігі айтылды. Сонымен қатар, медицина, ғылыми-техникалықтағы да басқа бағыттар бойынша тәжірибені арттыру көзделген.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×