Мəссаған! "Астананың" бұрынғы ойыншысы Роналдудың стилінде гол соқты (видео)

06.08.2019, 16:38
Мəссаған! "Астананың" бұрынғы ойыншысы Роналдудың стилінде гол соқты (видео)

Естеріңізге сала кетейік, ол "Астанадан" бөлек еліміздегі "Жетісу", "Қайрат", "Тобыл" сынды ұйымдарда да доп тепкен еді.

Ресейдің "Оренбург" командасында өнер көрсететін"Астананың" бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Ресей премьер-лигасында керемет голдың авторы атанды.

https://youtu.be/7q4QdBvmU5s

Сербиялық шабуылшының голы Криштиану Роналдудың Чемпиондар лигасында Туриннің "Ювентусіне" салған голды еске түсіреді.

https://youtu.be/FFsPMhCMjjw
Роналдудың "Ювентус" қақпасына салған əдемі голы

Дегенмен, 64 минуттағы Джордженің голы командасына ұпай алуға сеп бола алған жоқ. Ойын 1:2 есебімен "Ахмат" командасының жеңісімен аяқталды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×