"Атлетико Мадрид" клубының шабуылшысы Луис Суарес жаңа командаға ауысуы туралы, сонымен қатар "Барселонаға" соққан голын тойламайтынын айтты.
"Мен мұнда өзімді өте жақсы сезінемін. Бастапқыда бұл қадам отбасым үшін, әсіресе мектеп, үй табу жағынан қиындықтар туғызды. Бірақ клуб маған көп көмектесті, бұл менің өмірімді едәуір жеңілдетті. Мен өзімді жайлы сезінемін, маған бұл клуб ұнайды.
"Барселона" қақпасына соққан голымды тойлаймын ба? Мен бұрынғы серіктестеріме және маған көп нәрсе берген клубқа құрметсіздік көрсеткім келмейді. Бұл ерекше оқиға болайын деп тұр - көптеген достарыма қарсы ойнайтын боламын. Мен өзім ойнаған командалардың намысын қорғағаным секілді, "Атлетиконың" да намысын өлгенше қорғайтын боламын", - деді Суарес AS басылымына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET