«Ливерпуль» үлкен қиындыққа тап болды

28.10.2020, 19:44
Командада қорғаныста ойнайтын Джо Гомес қана қалды.
«Ливерпуль» үлкен қиындыққа тап болды

"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турындағы "Мидтьюландпен" болған ойында жартылай қорғаушы Фабиньоның алған жарақаты туралы пікір білдірді. Кездесу Ливерпульдегі (Англия) "Энфилд" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің 30-минутында Фабиньо жарақат алып, оның орнына алаңға 19 жасар Рис Уильямс шықты.

"Бұл бізге қажет болған соңғы нәрсе. Оның сіңірін зақымдап алғанын білемін, бұл жақсы емес. Сараптамадан кейін оған не болғаны белгілі болады, бірақ, әрине, бұл жаман", - деп келтіреді Daily Mail Клопптың сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Ливерпуль" Вирджил ван Дейктен жарақатына байланысты маусым соңына дейін айырылған болатын. Одан бөлек, Жоэль Матиптің де жарақат алғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×