"РБ Лейпциг" пен Франция жастар құрамасының қорғаушысы Ибраима Конате мансабын "Ливерпульде" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды The Athletic.
Дереккөздің хабарлауынша, мерсисайдтық клуб 21 жастағы француз футболшысын сатып алу туралы келіссөздерді аяқтауға жақын. "Ливерпуль" "РБ Лейпцигке" Конате үшін 40 миллион еуро төлейді деп күтілуде. Бұған дейін қорғаушының қызметіне лондондық "Арсенал" мен "Манчестер Юнайтед" қызығушылық танытып отырған болатын.
Конате Германия чемпионатының ағымдағы маусымында 9 матчқа қатысып, 1 гол соқты. Қорғаушы "РБ Лейпцигке" 2017 жылдың жазында еркін агент ретінде ауысып келді. 2019 жылдан бастап Конате Францияның жастар құрамасына шақыртылып жүр.
Біздің серіктес: FONBET