Лэмпард бапкерлік мансабын жеңіспен бастады

04.08.2018, 16:32
Лэмпард бапкерлік мансабын жеңіспен бастады
Фрэнк Лэмпард басқаратын "Дерби Каунти" қонақта жеңіске жетті. Фрэнк Лэмпард осы жазда Англия Чемпионшипында өнер көрсететін "Дерби Каунти" клубына бас бапкер болып тағайындалған еді. Кеше, 3 тамыз күні Англияның екінші деңгейлі біріншілігі жалауын көтерген болатын. "Редингке" қонаққа барған Лэмпардтың командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. "Дерби Каунти" ойынның соңғы секундтарында жеңісті жұлып алды. Англия Чемпионаты Чемпионшип 1-ші тур "Рединг" - "Дерби Каунти" - 1:2 (0:0) Голдар: Бедварссон, 52 (1:0). Маунт, 60 (1:1). Лоуренс, 90+4 (1:2).  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×