Әлем біріншілігінің іріктеуі жаңа форматта өтеді: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?

22.11.2024, 15:38

Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы жорығы (жорық деуге келсе, әрине) сәтсіз аяқталды.

Әлем біріншілігінің іріктеуі жаңа форматта өтеді: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
Қазақстан - Норвегия кездесуі

Ендігі фокус әлем біріншілігінің іріктеуі болмақ. Бұл іріктеу бұрынғысынан өзгеше болғалы тұр. Енді сол туралы толығырақ тарқатып айтсақ.

2026-жылы АҚШ, Мексика мен Канада бірігіп өткізетін мундиальға баратын командалардың іріктеуі жаңа форматта өткізіледі. Ол қалай болады? Іріктеу циклы наурызда басталып тура бір жылдан кейін - 2026-жылдың наурызында өзінің мәресіне жетеді. Үміткер құрамалар 4 және 5 командалардан құралатын 12 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. 5 құрамадан тұратын топтардың іріктеу ойындары алдағы наурызда басталады. Ал төрттіктерден құралған құрамалар жарыс жолын қыркүйекте бастамақ. Сонымен, әлем біріншілігінің тікелей жолдамасына осы топтардың жеңімпаздары иелік етсе, қалған 4 билет өз топтарында екінші орын алған 12 құраманың арасында сарапқа салынады. Бұған тағы 2024-2025-жылғы Ұлттар Лигасындағы үздік төрт команданы қосыңыз. Барлығы осы 16 команда төрт жолға бөлініп, төрт-төрттен топталып, өзара шын мықтыны анықтамақ. Түйіспелі турнир жартылай финалдық және финалдық бір-бір кездесу аясында өтпек. Бұл бәсекелер 2026-жылдың наурызына жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×