Леандро Паредес: “Мен “ПСЖ” сапында қаламын”

28.06.2019, 04:29
Леандро Паредес: “Мен “ПСЖ” сапында қаламын”
“Париж Сен Жерман” футбол клубының жартылай қорғаушысы, өзінің француздықтар сапында қалатындығын мәлімдеді. “Иә, мен осында қаламын,  өзімді Парижде бақытты сезінемін. Сыбыстар? Жоқ , мен  ешқандай клубқа ауыспаймын”,-деді Паредес. Естеріңізге сала кетсек, аргентиналық футболшының “ПСЖ” сапынан кетіп , “Зенит” сапына қайта оралады немесе “Лацио” клубының хавбегі Сергей Милинкович-Савичті алмастырады деп хабарланған болатын. Алайда футболшы бұның барлығын жоққа шығарды. “ПСЖ” Паредесті қаңтар айында “Зениттен” 47 миллион еуроға сатып алған болатын. Футболшы париждіктер сапында 22 матчта алаңға шығып, 2 голдық пастың авторы атанды. 2018/19 жылы Франциялық “ПСЖ” және Ресейлік “Зенит” сапында чемпион атанды.   Дайындаған:Әлішер Хабидолла
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×