«Лацио» - «Наполи» кездесуіне болжам - 1.90 кф

15.02.2025, 16:41

Бүгін А Сериясындағы орталық матчта неапольдік клуб өзінің бекерден бірінші орында тұрмағанын дәлелдемек.

«Лацио» - «Наполи» кездесуіне болжам - 1.90 кф
«Лацио» - «Наполи» кездесуі

Антоние Конте келгелі команданың екінші тынысы ашылғандай. Былтырғы сүреңсіз маусымды ескерсек, биылғы «Наполи» танымастай өзгеріп алған. Қазір неапольдік клуб скудеттодан басты үміткер саналады. Осы мәртебені бүгін дәлелдейтін тамаша мүмкіндік туып тұр. Алайда, «Лацио» ға да ұпай аса қажет. Марко Баронидің командасы қазіргі позициясынан кері бір қадамға да шегінбек емес. Өздері де әрең тұр қалт-құлт етіп, сүрінсе «Рома», «Миландар» талап жеуге дайын. 

Қос команданың да соңғы кездегі статистикалық көрсеткіштері жаман емес. Біз бұл бәсекеге екі команда гол салады деп болжам айтып көрдік. А Сериясындағы үздік 4-тің қатарындағы клубтарға бір-бір нәтижелі соққы деген деген не тәйірі? Бұл нұсқаға «Fonbet.kz» букмекерлік кеңсесі 1.90 коэффициент беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×