Лапорта «Барселонаны» бұрынғы деңгейіне қайтара ма?

Жоан ең алдымен Мессидің мәселесін шешіп алуды жөн көріп отыр.
Лапорта «Барселонаны» бұрынғы деңгейіне қайтара ма?

"Барселона" клубының президенті ресми түрде ауысты. 2003-2010 жылдары осы қызметті атқарған Жоан Лапорта каталондық клубтың басшысы болып сайланды. Сайлауда ол 57% -дан астам дауысқа ие болды, ал оның басты қарсыласы Виктор Фонт тек 32% дауыс жинады. Бүгін біз Лапорта туралы және оның келуімен "Барселонаның" қалай өзгеретінін айтатын боламыз.

Алғаш рет президент болуы

Лапорта - "Барселона" тарихында көп жүлдені жеңіп алған президенттердің бірі. Оның басшылығымен каталондықтар жеті жылда 12 трофей жеңіп алды - тек Хосеп Луис Нуньес (27) пен Хосеп Бартомеу (13) ғана одан көп жүлдеге ие болған. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша көш бастап тұр. Лапорта клубтың басшысы ретінде Еуропадағы басты клубтық турнирде екі рет топ жарған.

Алайда, барлық жетістіктерге қарамастан, Лапортаның билігінде шикіліктер пайда бола бастады. Ол қуатты команда жинап, оны жас Хосеп Гвардиолаға сеніп тапсырды, бірақ ол жиі қателіктер жіберді, соның ішінде трансферлік нарықта: мысалы, Глеб, Чигринский және Ибрагимовичтермен жасалған келісімдер сәтсіздікке ұшырады. Ал 2008 жылы Жоанға деген сенім жойыла бастады - содан кейін клубтың басқарма мүшелері оны құлатуға тырысты, бірақ оларға 6% дауыс жетіспеді.

Лапорта екінші президенттік мерзімін аяқтап, 2010 жылы қызметінен кетті. Клубтан кете салысымен оған қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылды. Жоан мен оның қол астындағылар сотқа шақырту алды - олардан 25 миллион еуро төлеуді талап етті - бірақ сот төрешісі бұл талапты қанағаттандырмады.

Сайлау алдындағы үгіт

Лапорта бұған дейін де "Барселонаға" оралуға тырысқан. 2015 жылы ол сайлауда Бартомеуден жеңіліп қалды, бірақ клубтағы режиммен күресті жалғастыратынын айтты.

"Берілу туралы сөз қозғағым келмейді. Біз жеңілісті мойындауымыз керек, бірақ "Барсаның" жүріп жатқан бағытымен келіспейміз, - деді Жоан сол жылы.

2020 жылдың күзінде Лапорта "Барселона" президенті болуға дайын екенін мәлімдеді. Сәл кейінірек, оның алдағы сайлауда фаворит болатыны туралы ақпарат пайда болды. "Барселона" Бартомеуден құтылды. Барлығы бақытты. Ары қарай не болады? Науқан кезінде Лапорта өзінің постерін "Реал Мадридтің" стадионы - "Сантьяго Бернабеудің" жанына орналастырды. Ол мұндай ерекше шешімді былай түсіндірді: "Бұл баннер батылдық пен тәжірибені білдіреді. Мен "Барселонаның" Мадридте тағы алты гол соққанын қалаймын".

Жоспарлары - Мессиді командада қалдырып, Гвардиоланы қайтару

"Реал Мадридпен" қарсыласудан бөдек, Лапорта Лионель Мессиді клубта қалдыруға уәде берді. "Мен Леоны "Барселонада" қалдыру үшін бар күшімді саламын", - деді сайлаудан кейінгі сұхбатында.

Сыбыстарға қарағанда, Месси сайлауда дәл осы Лапортаға дауыс берген. Жоан сонымен қатар клуб академиясына баса назар аударуды жоспарлап отыр - бұл Бартомеу жасамаған нәрсе. Ол сондай-ақ Гвардиоланың оралуы мүмкін екенін де меңзеді.

"Мен Пепті қайта көргім келеді, бірақ қазір ол "Манчестер Ситиде". Сондықтан ол өзі шешім қабылдауы керек. Гвардиола "Барселона" үшін бойтұмар болып табылады және көптеген жанкүйерлер оның команданы тағы да жаттықтырғанын қалайды", - деді Лапорта 2020 жылдың мамырында.

Айтпақшы, дәл сол Гвардиола Лапортаны сайлаудағы жеңісімен құттықтап үлгерді.

"Құттықтаймын, Жоан! Құттықтаймын, Президент! "Барселона" жасасын!" - деп жазды Гвардиола өзінің твиттер парақшасында.

Бұл құттықтауларға каталондық клубтың бұрынғы капитаны Карлес Пуйоль де қосылды. Осындай қолдаудың арқасында Лапортаға "Барселонаны" бұрынғы деңгейіне қайтару оңайырақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×