Бізге белгілі болғандай, 22-жастағы орталық қорғаушы Асылбек Асан келесі маусымды петропавлдық ұжымның сапында өткізеді.
Тараз футболының өкілі осыған дейін тек өз өңірінде өнер көрсетіп келген. Сондай-ақ, жас футболшының еншісінде Қазақстан жастар құрамасының жейдесіндегі матчтар да бар. Асылбек Асан соңғы екі жылда U-21 жейдесінде жалпы саны 30 ойында бақ сынады.
Қорғаушы алғашқы қадамдарын «Тараз Қаратау» командасынан бастап, «Тараздың» негізгі құрамынан орын алды. Былтыр Бірінші лига аясындағы турнирде 16 кездесуге қатысып, 3 рет мергендік танытқан. Футболшының нарықтық құны 25 мың еуро.
Айта кетейік, «Қызыл-Жар» өткен маусымда ҚПЛ-ді 9-орынмен аяқтады. Әли Әлиев орнын босатқан соң команда тізгінін Беларусь маманы Александр Бразевич ұстады.
Біздің серіктес: FONBET