"Севилья" сұрмергені
Квинси Промес алдағы маусымда өз елінде, Амстердамның
"Аякс" клубы сапында өткізеді. "De Telegraaf" сайтының мәліметіне сүйенсек, 27 жастағы шабуылшы "Аякспен" 2014 жылға дейін келісім-шартқа қол қойған көрінеді. Оған қоса, ақпарат көзі Квинсидің осы трансферлік ауысым үшін тағы бірнеше шетелдік клбутардың ұсынысынан бас тартқаны айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, Промес Севильядан бұрын "Твенте", "Гоу Эхед Иглс" және "Спартак" командаларында өнер көрсеткен еді. Биыл Ла Лигада 33 ойынға қатысып, 2 гол, 3 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.