Кумыков «Қайсарда» қала ма?

22.03.2023, 19:16
Соңғы кездері республикалық спорт порталдарында “Қайсар” футбол клубына қатысты ақпараттар желдей есті. Команданың жанкүйерлері жарияланған жаңалықтардың шындығы қайсы екенін білмей дал болды. Осыған орай қызылордалық клубтың баспасөз қызметі спорт директор Мақсат Байжановпен сөйлесіп, ақпараттың ақ-қарасын ажыратыпты.
Кумыков «Қайсарда» қала ма?

Мақсат Байжанов, “Қайсар” футбол клубының спорт директоры: 

Соңғы кездері республикалық спорт порталдарында “Қайсар” футбол клубына қатысты ақпараттар желдей есті. Команданың жанкүйерлері жарияланған жаңалықтардың шындығы қайсы екенін білмей дал болды. Осыған орай клубтың спорт директоры Мақсат Байжановпен сөйлесіп, ақпараттың ақ-қарасын ажыраттық.

– Мақсат Дүйсенбекұлы, биылғы маусым “Қайсар” үшін сәтті басталды деп айта алмаймыз. Алғашқы 3 турды кәсіби маман ретінде саралап берсеңіз…

– Иә, алғашқы 3 тур біз ойлағандай сәтті болмады. Жанкүйерлерді алғашқы ойыннан ақ қуантқымыз келді. Соған сай дайындық жүргіздік. Бірақ алаңда ойын басқа форматта өрбіді. Мұны түсінугеде болады. Команда құрамы жаңа. Оқу-жаттығу жиынының алғашық күнінен бастап барлығы бірге болған жоқ. Алаңда кейбір сәтте бірін-бірі түсінбей жатыр. Футболшы болғандықтан мұндай факторларды жақсы білем. Байқасаңыздар алғашқы ойынға қарағанда алаңдағы ойынымыз қалыптасып келеді. Соңғы “Ақсумен” өткен ойында шабуылға көп көңіл бөлдік. Міне осы қарқынмен командамыз сәуір айындағы ойындардан бастап жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін.

– Виктор Кумыковтың тағдыры “Каспийден” кейін шешіле ме?

– Біріншіліктің алғашқы үш туры ғана өтті. Бас бапкерді сол үш ойынға қарап бағасын беру дұрыс емес. Жалпы Виктор бапкердің бапкерлік мансабында көз жүгіртсек алғашқы ойындарды сәтсіз бастайды. Бірақ біріншіліктің соңын ойдағыдай аяқтайды. Бір ғана мысал, “Шахтер” командасын жаттықтырғанда мен футболшы болдым. 2013 жылы алғашқы 5 ойынның 4-еуінде жеңіліске ұшырадық. Тіпті аутсайдер деген “Ақжайықтың” өзі 3-0 есебімен тас талқан етті. Дегенмен жаттықтырушы команданы алға қарай сүйреп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне қол жеткізіп, біріншілікте үздіктер қатарына енгізді. Сондықтан сабырмен қарап, жаттықтырушыға сенім артқанымыз абзал. “Каспийден” кейін бас бапкерді алып тастайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Басшылық тарапынан мұндай әңгіме қозғалған жоқ. “Ақсумен” кездесуден кейін футболшылар мен бапкерлік штабпен жиын өткізгеніміз рас. Бірақ бұл жиналыста команданың үзіліс кезіндегі жаттығу жұмыстары талқыланды. 

– Жалпы “Қайсарға” неліктен Виктор Болютович бас бапкер ретінде таңдалды?

– Командамыз премьер-лигаға шыққаннан кейін аймақ басшысы жоғары міндетті жүктеді. Яғни “Қайсар” біріншілік нәтижесі бойынша алғашқы алтылықтан орын алуы керек. Сол себепті ең алдымен білікті бапкер тағайындауды клуб жөн санады. Бұл қызметке 5 кандидатты қарастырдық. Соның ішінде таңдау Виктор Кумыковқа түсті. Виктор Болютовичпен футболшы кезімде біршама уақыт бірге жұмыс атқардық. Маман ретінде жақсы білем. Оның үстіне Қазақстан чемпионатын бес саусақтай біледі. Футболшылардың жан дүниесін түсінеді. Сол себепті басшылыққа мақсатымызды орындауға мүмкіндігі жетеді деп ұсыныс білдірдім. Жалпы бізден бөлек Виктор бапкерге ел чемпионатынан бірнеше команда қызығушылық танытқан. Десек те білікіті маман “Қайсардың” ұсынысын қабыл алды. Өйткені жанкүйерлер алдында “Қайсарда” 2004 жылы жүзеге асыра алмай кеткен мақсатын орындауға келді. 

– Бас бапкердің жалақысына қатысты деректер пайда болды…

– Иә, оқыдым. Бізде жағымды жаңалыққа қарағанда жалған ақпарат бірден тарап, көпшіліктің назарын аударады. Жалақыға қатысты деректер де шындыққа жанаспайтынын жеткіземін. Өйткені “Қайсардың” жоғары жалақы тағайындайтындай демеушілері жоқ. Бізде белгіленген шкала бар. Сол заңдылықты бұзбай футболшылар мен бапкерлердің еңбек ақысын төлеп отырмыз.

– Клубтың қаржылық мәселесіне тоқталайықшы. Проблема қаншалықты шешімін табуда?

– Сәуір айының 10-на дейін клуб 2021, 2022 жылғы берешектерін толығымен өтейді. 

– Мансабыңызды аяқтай салысымен жауапты қызметке кірісіп кеттіңіз. Жұмысыңыз қалай болып жатыр? 

– Желтоқсан айынан бастап клубтың спорт директоры қызметіне білек сыбана кірісіп кеттім. Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайтынын әу баста білдім. Дегенмен сенім артылғаннан кейін барынша командамыздың жақсы болуына ерінбей еңбек етіп жатырмыз. Нәтижесі жақсы боларына сенемін. 

– Жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?

– Жанкүйерлердің бізге тағылған назы орынды. Біз қателікті түзеу үшін барымызды салып жатырмыз. Барлық жанкүйерлерімізді Әз-Наурыз мерекесімен және Рамазан айының келуімен құттықттаймын.

"Қайсар" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Алдыңғы жаңалық
Қажыры жоқ «Қайсар»
Aladop Youtube
×