Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиев «Спорт-Экспресс» басылымына Станислав Черчесов пен құрамаға қайтып оралуы мүмкіндігі жайлы айтты.
«Менімен ешкім хабарласқан жоқ. Ол жақта федерацияның жаңа басшысы бар. Олардың қазіргі мәселелері мүлде бөлек – ұйымдастыру шаруаларымен бастары қатуда. Оның үстіне команданың келісімшартты бас бапкері бар. Өзге мамандармен келіссөз жүргізу орынсыз болар еді. Бүгінге дейін ешқандай ұсыныс түскен жоқ», - деді ұлттық команданың бұрынғы бас бапкері.
Айта кетейік, Станислав Черчесовпен келісімшартты ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан болатын. Егер де осы келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған болса, құзырлы орған Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Біздің серіктес: FONBET