Криштиану Роналду «Ювентуске» ауысуы мүмкін

05.07.2018, 20:40
Криштиану Роналду «Ювентуске» ауысуы мүмкін
«Ювентус» басшылығы шынында «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатып алуға ниетті сыңайлы. Әйгілі As басылымының хабарлауынша, португалдық италияндықтармен 30 миллион еуро жылдық жалақы алатындығы туралы келісім жасап қойған екен. Дәл қазіргі уақытта италияндық және испандық грандтар өзара келісе алмай отыр. «Реал» жұлдызды шабуылшы үшін 200 миллион еуро талап етсе, «Ювентустың» берген бағасы одан екі есе аз екен. Мұның алдында «Аладоп» Криштиану Роналдудың Туриннен үй сатып алғанын хабарлаған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×