Криштиану Роналду «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты (Видео)

17.09.2018, 02:45
Криштиану Роналду «Ювентус» сапындағы алғашқы голын соқты (Видео)
Италия чемпионатының 4-итурында «Ювентус» пен «Сассуоло» кездесті. Туриндегі ойында алаң иелері Криштану Роналду дублінің арқасында жеңіске жетті. Бұл Роналдудың «Ювентус» сапындағы алғашқы голы. Бірінші добын соғу үшін 320 минут қажет болды.Ол алғашқы 3 турда қарсыластардың қақпасына 28 рет соққы жұмсап, дәлдік жасай алмап еді. Айтпақшы, Роналдуың екінші голы оның ұлттық чемпионаттағы соққан 400-голы. Бұған дейін ол «Реал» сапында Испания чемпионатында 311, МЮ-мен Англия біріншілігінде 84, «Спортинг» сапында Португалия чемпионатында 3 және «Ювентуспен» Италия чемпионатында 2 гол кіргізіп отыр. https://youtu.be/FaMw-45Jt-0
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×