Әлем қазір футболмен тыныстап тұрғандай. Өйткені көршіміз Ресей Федерациясы 4 жылда бір өтетін әлем чемпионатын қабылдап жатыр. Іріктеуден іркілмей өткен 32 құрама бас жүлде үшін аянып қалмасы анық. Әзірге мундиаль жайлы сөз қозғамай қоя тұрайық. Жарыс аяқталған соң сараптап, талдап жазамыз.
Бүгінгі біздің қозғайтын тақырыбымыз – сайыпқыран Криштиану Роналду. Португалия халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз. Роналду – таныстыруды қажет етпейтін әлемдегі танымал футболшылардың бірі. Тіпті, допқа аса қызығушылығы жоқ адамның өзі Роналду мен Мессидің атын біледі.
Әрине, қазір жұлдызы жанып тұрған соң, оған еліктейтін, қызығатын жанкүйер болатындар көп шығар. Әсіресе қыздар қауымы жақсы көреді. Әлеуметтік желідегі жазылушысы көп спортшы да осы Криштиану. Инстаграмда португалиялық футболшыны 129 миллион қолданушы оқиды екен.
Ал менің бұл футболшыны танып-білгеніме биыл 15 жыл болады. Сондықтан ыстық көрінеді. Өйткені 2004 жылдары-ақ 19 жастағы Роналдудың болашақта «Алтын доп» алатынына сендім. Сол үмітімді ақтағаны үшін әлі күнге разымын. Әйтпесе, футболда талант көп. Бірақ оның бәрі бірдей толық потенциалдарын ашып үлгермейді. Криштиану ондайлардың қатарынан емес, өте еңбекқор. Соның арқасында осындай белестерді бағындырып отыр. Ендеше, «Ұлан» газетінің оқырмандарына аталған футболшыға қатысты бірнеше қызықты деректі ұсынғым келеді.
- Футболшының толық есімі – Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру. Әкесі сол кездегі АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның фанаты болған екен. Бірақ Рейганды президент емес, актер ретінде жақсы көрген.
- Әлемге әйгілі, қыздардың жүрегінен орын алған футболшылар, жалпы спортшылардың көбі денелеріне тату салдырып жатады. Ал Роналдудың денесінде бірде-бір сурет жоқ. Себебі спортшы үнемі донор ретінде қан тапсырып тұрады екен. Тіпті, 2008 жылы «Қызыл ай» қоғамының бет-бейнесі болған еді. Бұл жағынан ол көпке үлгі.
- 15 жасында футболшы жүрегіне ота жасатқан. Роналдуға қойылған диагнозбен кәсіби футболшы боламын деп армандаудың өзі артық болған көрінеді. Дегенмен «Спортинг» клубының медперсоналдарының кәсіби біліктілігі арқасында футболшы бұл қиындықтан оңай құтылады.
- Роналдудың денесіндегі майдың үлесі бар-жоғы 10 пайыз екен. Соның арқасында ол өте жылдам жүгіреді. Бір кездері Криштиануды испаниялық Ангела Родригеспен салыстырғандар болды. Жеке жарыстырғанда Родригес футболшыдан сәл ғана оза алған. Ал доппен жүгіру кезінде Роналду бірінші келеді.
- Туған қаласы Фуншалда төрт жыл бұрын футболшының атында музей ашылды. Онда жеке заттары, наградалары, сирек кездесетін фотолары қойылған.
- Роналдудың үлкен әпкесі Эльма CR7 брендімен дүкендер жүйесін басқарады. Сондай-ақ осы бренд бойынша киім мен парфюм шығарады. Екінші әпкесі Катя бақытын музыкадан тапқан. Қазіргі кезде Португалиядағы табысты әншілердің бірі. Ол Рональдо деген лақап атпен танымал.
- Мына оқиға шынымен жүректі елжіретеді. Криштианудың балалық шағындағы ең жақын досы Альберт Фантрау екеуі «Насьоналда» бірге ойнаған. Бір күні Лиссабонның «Спортинг» клубынан скауттар келіп, екеуінің біреуін ғана таңдайтынын айтады.
- Бүгінгі біздің қозғайтын тақырыбымыз – сайыпқыран Криштиану Роналду. Португалия халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз. Роналду – таныстыруды қажет етпейтін әлемдегі танымал футболшылардың бірі. Тіпті, допқа аса қызығушылығы жоқ адамның өзі Роналду мен Мессидің атын біледі.Әрине, қазір жұлдызы жанып тұрған соң, оған еліктейтін, қызығатын жанкүйер болатындар көп шығар. Әсіресе қыздар қауымы жақсы көреді. Әлеуметтік желідегі жазылушысы көп спортшы да осы Криштиану. Инстаграмда португалиялық футболшыны 129 миллион қолданушы оқиды екен.Ал менің бұл футболшыны танып-білгеніме биыл 15 жыл болады. Сондықтан ыстық көрінеді. Өйткені 2004 жылдары-ақ 19 жастағы Роналдудың болашақта «Алтын доп» алатынына сендім. Сол үмітімді ақтағаны үшін әлі күнге разымын. Әйтпесе, футболда талант көп. Бірақ оның бәрі бірдей толық потенциалдарын ашып үлгермейді. Криштиану ондайлардың қатарынан емес, өте еңбекқор. Соның арқасында осындай белестерді бағындырып отыр. Ендеше, «Ұлан» газетінің оқырмандарына аталған футболшыға қатысты бірнеше қызықты деректі ұсынғым келеді.
- Футболшының толық есімі – Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру. Әкесі сол кездегі АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның фанаты болған екен. Бірақ Рейганды президент емес, актер ретінде жақсы көрген.
- Әлемге әйгілі, қыздардың жүрегінен орын алған футболшылар, жалпы спортшылардың көбі денелеріне тату салдырып жатады. Ал Роналдудың денесінде бірде-бір сурет жоқ. Себебі спортшы үнемі донор ретінде қан тапсырып тұрады екен. Тіпті, 2008 жылы «Қызыл ай» қоғамының бет-бейнесі болған еді. Бұл жағынан ол көпке үлгі.
- 15 жасында футболшы жүрегіне ота жасатқан. Роналдуға қойылған диагнозбен кәсіби футболшы боламын деп армандаудың өзі артық болған көрінеді. Дегенмен «Спортинг» клубының медперсоналдарының кәсіби біліктілігі арқасында футболшы бұл қиындықтан оңай құтылады.
- Роналдудың денесіндегі майдың үлесі бар-жоғы 10 пайыз екен. Соның арқасында ол өте жылдам жүгіреді. Бір кездері Криштиануды испаниялық Ангела Родригеспен салыстырғандар болды. Жеке жарыстырғанда Родригес футболшыдан сәл ғана оза алған. Ал доппен жүгіру кезінде Роналду бірінші келеді.
- Туған қаласы Фуншалда төрт жыл бұрын футболшының атында музей ашылды. Онда жеке заттары, наградалары, сирек кездесетін фотолары қойылған.
- Роналдудың үлкен әпкесі Эльма CR7 брендімен дүкендер жүйесін басқарады. Сондай-ақ осы бренд бойынша киім мен парфюм шығарады. Екінші әпкесі Катя бақытын музыкадан тапқан. Қазіргі кезде Португалиядағы табысты әншілердің бірі. Ол Рональдо деген лақап атпен танымал.
- Мына оқиға шынымен жүректі елжіретеді. Криштианудың балалық шағындағы ең жақын досы Альберт Фантрау екеуі «Насьоналда» бірге ойнаған. Бір күні Лиссабонның «Спортинг» клубынан скауттар келіп, екеуінің біреуін ғана таңдайтынын айтады.
«Мен осындай жетістікке жеткенім үшін досым Альберт Фантрауға алғысым шексіз. Екеуміз бір командада өнер көрсеттік. Бізге бір күні бір скаут келіп, «кім көбірек гол соқса, соны академиямызға қабылдаймыз» деді. Нәтижесінде 3:0 есебімен біздің команда жеңіске жетті. Бірінші голды мен соқтым, одан кейін Фантрау баспен екінші голды кіргізеді. Ал бәрінен бұрын үшінші гол ерекше есте қалды. Альберт қақпашымен бірге-бір шығып, оны алдап кетті. Қасында мен жүгіріп келе жатқанмын. Ол допты бос қақпаға бағыттаудың орнына менің аяғыма салып береді. Соның арқасында академияға қабылдануға мүмкіндік алдым. Ойыннан кейін Фантрауға келіп: «Неге бұлай істедің?» – деп сұрадым. Ол «сен менен үздіксің» деп жауап берді», – дейді Роналду.
Осыдан соң арада бірнеше жыл өткенде Криштиану әлемдегі үздік ойыншылардың біріне айналды.Ал Фантрау футбол әлемінен бақытын тапқан жоқ. Дегенмен Роналду досының сол жақсылығын ұмытпаған. Оған хан сарайындай үй тұрғызып берген және ай сайын қаржылай ақша аударып тұрады.
Жақында Роналду УЕФА Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алған әлемдегі тұңғыш футболшы атанды. Осы ретте оған тиесілі бірнеше рекордты атап өтсек:
Клубтық деңгейде
- Еурокубок ойындарындағы ең үздік сұрмерген: 123
- Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені: 120
- Чемпиондар лигасының бір маусымында ең көп гол соққан: 17 (2013/14)
- Чемпиондар лигасын ең көп ұтқан футболшы: 5
- Үш рет Чемпиондар лигасының финалында гол соққан жалғыз футболшы
- Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алты ойында гол соққан жалғыз футболшы
- Чемпиондар лигасында 11 ойын қатарынан үздіксіз гол соққан
- Чемпиондар лигасында бір командаға 10 гол соққан жалғыз футболшы(«Ювентуске»)
- «Реалдың» үздік сұрмергені: 450
- Лионель Мессимен бірге «Алтын допты» ең көп жеңген футболшы: 5
УЕФА-ның жыл командасына ең көп енген футболшы: 12 (2004, 2007–2017);
Құрамада
- Еуропа чемпионатында ең көп ойын өткізген: 21
- Еурода ең көп гол соққан: 9 (Мишель Платинимен бірге)
- Үш Еуропа чемпионатында гол соққан жалғыз футболшы
- Еуропа чемпионатының іріктеу және финалдық кезеңіндегі голдар саны жөнінен: 29
- Еуро және ӘЧ-нің іріктеу кезеңіндегі үздік сұрмерген: 50
- Португалия құрамасында ең көп ойын өткізген: 150
- Португалияның үздік сұрмергені: 81
Биыл қыста «Реал» жиі жеңіліп, Роналду гол соғуды сиреткен кезде оны сынағандар көп болды. Сол кезде әпкесі Катя Авейрудың інісін қолдап жазған хаты бар. Қысқаша мазмұны мынандай:
- Сен 12 жасқа толғанда бір үміт, бір күдікпен Лиссабонға көштің. Сол кезде олар сені жай ғана Мадейрадан келген жас бала деді. Алайда арада 5 жылға жетер-жетпес уақытта «Спортингтың» негізгі құрамында ойнай бастадың.
- Ересектердің футболына алғаш араласқаныңда жай ғана техникалық арсеналы жоғары «кезекті кеудемсоқ біреу» деп мысқылдады. Бірақ арада бірнеше ай өткен кейін «Манчестер Юнайтедтен» шақырту алып, келісімшартқа отырдың.
- Англияға барғанда тағы да «Бұл жас португал талант болғанымен, ағылшын футболындағы бәсекеге шыдай алмай, жоғалып тынады» деген қорытынды жасап тастады. Алайда Англияда өткізген 6 маусымда 118 гол салдың!
- «Реалға» ауысқаныңда олар сені Роналдудың есімі жазылған жейделерді сату үшін алды деді. Бірақ сен 2009 жылдан бері 418 ойын өткізіп, 422 гол салдың, рекордтардың барлығын дерлік жаңарттың.
- 2008 жылы «Алтын допты» алғаш рет жеңгеніңде, осымен тоқтайды деп ойлады. Бірақ одан кейін тағы төрт рет «Алтын допты» сүйіп тұрғаныңды күллі әлем көрді.
- Ұлттық құраманың капитаны болғаныңда мінезді емес, көшбасшылық қасиеті жоқ, жәй ғана кезекті капитан деді. Алайда 2016 жылы бүкіл Еуропаны аяғыңа жығып, кубокты төбесіне көтерген тұңғыш португал болдың.
- Енді сен өзге ғаламшарлық сияқты бір ойында екі, үш гол соқпасаң, «Роналду қартайды, енді оның қолынан ештеңе келмейді» деп шығатын болды.
- Олар сен футболдық мансабын аяқтауға жақын, жасы келген ойыншы дейді,құдды бір сен мансабыңды аяқтаған, ойынын тәмамдаған футболшыдай айтады.
- Алаң болма, бауырым! Эйфель мұнарасында қолыңдағы жүлдемен күлімсірегеніңде, шешуші гол соққаныңда, жаңа рекорд орнатқаныңда, олар саған тағы да телміреді. Еріксіз қошемет көрсетеді.
- Бейшара адамдар-ай!. Оларға басқа не қалды?
Бек ТӨЛЕУОВ
«Ұлан» газеті, №25
17 маусым, 2018