
Ертең басталатын ҚПЛ-де ең көп өнер көрсететін қай елдің өкілдері? Жалпы биыл премьер-лигада 36 елдің футболшылары доп тебеді екен.
Жоғары дивизионда ойнайтын 14 команданың құрамында 113 шетелдік ойыншы бар.
Биылғы біріншіліктегі 100-ден астам легионердің басым бөлігі Ресейден – 13 футболшы. Сондай-ақ, алғашқы бестікте Беларусь (11), Бразилия (9), Грузия (9) мен Сербия (9).
Қазақстанның алаңдарын шаңдататын шетелдіктер арасында еуропалықтардың айтарлықтай басымдығы байқалады – 79 футболшы. Одан кейін африкалықтар тұр (19). Үздіктер қатарында тағы оңтүстік америкалықтар (10), азия елдері (3) мен Солтүстік Америкалық футболшылар да жүр (2).
Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат ойыншысы «Қайраттың» беларусиялық легионері Валерий Громыко (1 миллион еуро).
ҚПЛ-2025-тің шымылдығы ертең ашылады. Маусымашар матчтар наурыздың бірі басталып, екі күнге жалғаспақ.
Біздің серіктес: FONBET