Коутиньоның дебюттық голы немесе "Барса" финалда

09.02.2018, 21:01
Коутиньоның дебюттық голы немесе "Барса" финалда
Картинки по запросу барселона валенсия Кеше түнде "Местальеде" Испания кубогы додасындағы жартылай финалдың жауапты кездесуі өтті. Аталмыш стадионның қожайындары болып саналатын "Валенсия" каталондық "Барселонаға" 0:2 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Барселонада өткен алғашқы ойында 1:0 есебімен жеңіліс тапқан алаң иелеріне финалға жолдама алу үшін кем дегенде екі доп айырмасымен жеңу керек еді. Соны естерінен шығармай кездесу барысында шабуылға үңіліп кеткен "жарқанаттар" қорғанысты ұмытып кетті. Есесіне қателік кешірмейтін қонақтар осындай сәттерді тиімді пайдаланып керекті голдарын соғып, кездесудің тағдырын шешіп тастады. Кезінде "Ливерпульдің" сапында АПЛ-ды шулатқан Суарес пен Коутиньо дуэті сол бір кездерді еске алғандай болып "Барсаның" бірінші голын ұйымдастырды. Суарестің пасынан соң Коутиньо көп күттірмей өзінің дебюттық голын соқты. Артынша сол Суарес Ракитичтің гол соғуына жәрдемдесті. Хорваттың голы кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Вальверде шәкірттері Кубоктық жарыстың ақтық мәресіне қатарынан 5-ші рет шығып отыр. Қазіргі ойындарымен ішкі чемпионатта қарсылас таппай қиналып жүрген каталондықтардың биылғы маусымда жүлдеден құр алақан қалмайтындарына көпшілік футбол сүйер қауым сенеді. Алайда доп домалақ екенін ұмытпаған абзал.

Руслан МЕРАЛИЕВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×