Бүгін Африка кубогінің жартылай финалдық матчтары басталады. Кот-д”Ивуар жеріндегі жарыстың бұл кезеңіне жеткендердің арасында жергілікті құрма да бар. Кот-д”Ивуар топтан әрең шықты. Үшінші орын алған командалардың ішіндегі жоғары көрсеткішінің арқасында ғана плей-оффке аяқ басты. Құрамы жағынан ешкімнен кем саналмаған піл сүйегі жағалауының командасы топтық кезеңде сүреңсіз ойнаған. Бірақ, плей-оффте Дидье Дрогбаның бауырларының ойыны түрленіп сала берді. Эмерс Фаэнің шәкірттері алдымен Сенегалды жарыс жолынан шығарып тастады. Пенальти сериясына дейін жалғасқан матчта стадиондағы жерлестерінің қолдауы күш берді ме, кім білсін, ивуарлықтар қарсыласына қарағанда дәл тепті.
Меніңше, Кот-д”Ивуар бүгін Конго демократиялық республикасының құрамасын жеңіп, финалға шығады. Сенегал мен Малиден сондай қиындықпен өткендіктен, жарыс қожайындары кемі финалға шығуы керек. Нигерия мен Оңтүстік Африка республикасының құрамасының қай жеңгені ивуарлықтармен финалды күш байқаспақ. Ал финалда жарыс қожайындары ешкімге дес бермейді деп топшылаймын.
Біздің серіктес: FONBET